Мақсат Үсенов. Әлеуметтік желідегі фотосуреті
Алматы прокуратурасы Мақсат Үсеновке қатысты сот шешіміне наразылық білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Алматы қалалық прокуратурасы Алматы әкімшілік сотының М.К.Үсеновті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 468-1-бабы бойынша 250 АЕК көлемінде айыппұл төлеу және көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 2014 жылдың 24 қаңтардағы қаулысына наразылық келтірілді. Наразылық Үсеновке 45 тәулікке әкімшілік тұтқындау, көлік құралын басқару құқығынан екі жылға айыру түріндегі жаза қолдану туралы болды", - делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада. Прокурорлар Үсеновке тағайындалған жаза жасанған қылмыстың сипатына, сондай-ақ, құқық бұзушының жол-көлік оқиғасына дейінгі және одан кейінгі жүріс-тұрысына сәйкес келмейді деп есептейді. Еске сала кетейік, Үсенов өткен желтоқсан айының алғашқы күндерінде BMW X6 көлігімен алты адамды - екі жігіт пен төрт қызды қағып кеткен болатын. Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болды, ал кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Кейін тараптардың ымыраласуы себепті ол тұтқыннан босатылған еді. Бұл жайт қоғамның наразылығын туғызып, даудың аяғы оның әкесінің қызметтен кетуіне ықпал етті.
Алматы прокуратурасы Мақсат Үсеновке қатысты сот шешіміне наразылық білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Алматы қалалық прокуратурасы Алматы әкімшілік сотының М.К.Үсеновті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 468-1-бабы бойынша 250 АЕК көлемінде айыппұл төлеу және көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 2014 жылдың 24 қаңтардағы қаулысына наразылық келтірілді. Наразылық Үсеновке 45 тәулікке әкімшілік тұтқындау, көлік құралын басқару құқығынан екі жылға айыру түріндегі жаза қолдану туралы болды", - делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.
Прокурорлар Үсеновке тағайындалған жаза жасанған қылмыстың сипатына, сондай-ақ, құқық бұзушының жол-көлік оқиғасына дейінгі және одан кейінгі жүріс-тұрысына сәйкес келмейді деп есептейді. Еске сала кетейік, Үсенов өткен желтоқсан айының алғашқы күндерінде BMW X6 көлігімен алты адамды - екі жігіт пен төрт қызды қағып кеткен болатын. Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болды, ал кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті.
Кейін тараптардың ымыраласуы себепті ол тұтқыннан босатылған еді. Бұл жайт қоғамның наразылығын туғызып, даудың аяғы оның әкесінің қызметтен кетуіне ықпал етті.