Прокуратураның жалған қызметкерлері мектеп пен балабақша басшыларынан ақша бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратураның жалған қызметкерлері мектеп пен балабақша басшыларынан ақша бопсалаған ©РИА Новости

Өзін прокуратура қызметкері деп таныстырған адамдар Қарағандыдағы мектептер мен балабақша жетекшілерінен ақша бопсалаған, - деп хабарлайды NV.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзін прокуратура қызметкері деп таныстырған адамдар Қарағандыдағы мектептер мен балабақша жетекшілерінен ақша бопсалаған, - деп хабарлайды NV.kz.

БАҚ-тың мәліметінше, облыста прокуратура қызметкері болып таныстыратын алаяқтар бар. Бопсалаушылар балабақшалар мен мектептерге телефон соғып, кезектен тыс тексеріс өткізетінін айтып қорқытқан. Білім беру мекемелерінің жетекшілерін қорқытқан алаяқтар ақша берсе ғана мекеменің жұмысына оң баға беретінін айтқан.   

2014 жылы жазда бірнеше балабақшаның жетекшісіне біреулер телефон соғып, прокуратура қызметкері болып сөйлескен. Бопсалаушылар тексеріс қорытындысында оң баға беру үшін 200 мың теңге талап етіпті. Қазанда прокуратураның жалған қызметкерлері мектептердің жетекшілерін қорқыта бастады: біреулер директорларға хабарласып, белгілі бір көлемде ақша талап еткен. 

Прокуратура мектептер мен балабақшалардың басшылығын алаяқтардың қулық-сұмдығына алданбауды сұрап отыр. Ал егер олар тексерумен қорқытып, ақша талап ететін болса облыстық прокуратураның ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету сенім телефонына (77-28-08) хабарласуға немесе өңірлік прокурорға жеке хабарлауға кеңес береді. 

Еске сала кетейік, алаяқтықтың осыған ұқсас түрі осы жылдың маусым айында Астанада да тіркелді. Біреулер мектепке дейінгі мекемелердің басшылығына хабарласып, өздерін прокуратура қызметкері деп таныстырған соң ақша талап еткен. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, прокуратураның жалған қызметкерлері іздестірілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети