ПОДЕЛИТЬСЯ
10 мамыр 2017 | 18:00
Прокурор 11 жастағы Өркен Азаматұлының өліміне қатысты жаңа деректерді айтты
Прокурор Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 11 жастағы Өркен Азаматұлының өлімі бойынша өтіп жатқан сот отырысында жаңа деректерді айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Прокурор Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 11 жастағы Өркен Азаматұлының өлімі бойынша өтіп жатқан сот отырысында жаңа деректерді айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот алдына қайтыс болған баланың өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева, оның балалары Темір мен Айдана Ақбердиевтер, Темірдің өгей ағасы - кәмелетке толмаған Қадыржан Гулямов, сондай-ақ, такси жүргізушісі Руслан Муталиев келді. Олар 11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірді деген күдікке ілініп отыр.
Прокурор Арыстанбек Алекенов
Мемлекеттік айыптаушы Арыстанбек Алекеновтің айтуынша, бұл оқиға отбасындағы Шәрипа Ақбердиева мен оның күйеуі Азамат Кемпірбаевтың арасындағы жанжалдардан басталған. Ер адам осындай ұрыстардан кейін анасының үйіне кетіп қалып жүрген. 2017 жылдың қаңтар айында Азамат Кемпірбаевтың отбасында тағы да жанжал болған. Нәтижесінде ол ажырасқысы келетінін айтып, үйден кетіп қалған. Шәрипа Ақбердиева болса, күйеуін іздеп, енесі Бағдагүл Есенбекованың үйіне барады. Осылайша Есенбекованың ұлының ажырасу туралы шешімін құптағанын білген Шәрипа Ақбердиева жанжал шығарады. Сотқа дейінгі тергеудің мәліметінше, осы ұрыстан кейін Шәрипа Ақбердиеваға енесін өлтіріп тастау туралы ой келеді. Ол осы мақсатына жету үшін, прокурордың айтуынша, Шымкенттен бірінші некедегі ұлы Темір Ақбердиев пен оның кәмелетке толмаған өгей інісі Қадыржан Гулямовты шақыртқан.
Прокурордың айтуынша, әйел 14 қаңтарда оларды күтіп алып, жоспарлары туралы айтып берген. Жігіттер оған көмектесуге келіскен. Тергеу мәліметінше, олар сол күні-ақ Есенбаеваның үйін аңдып, оны өлтірудің сәтін күткен. Алайда енесі оларға шығудан бас тартып, полицейлерді шақырамын деп қорқытқан. Содан олар бұдан ештеңе шықпайтынын түсініп, Есенбекованы өлтіру туралы ойларынан қайтқан.
Кейінірек, прокурордың айтуынша, Шәрипа Ақбердиеваның енесінен кек алатын жаңа жоспары пайда болады: ол Өркенді алып қашып, өлтірмекші болған. Сол үшін Темір мен Қадыржанды қайта Алматыға шақырады. 18 қаңтарда жігіттер Шымкенттен келеді. Тергеу мәліметінше, Шәрипа Ақбердиева оларға Өркенді өлтірсе 100 мың теңге ақша беруге уәде берген. Олар бұл ұсынысқа келіскен.
Прокурор Арыстанбек Алекенов, қайтыс болған жігіттің әкесі Азамат Кемпірбаев және зардап шеккендердің адвокаттары.
Шәрипа Ақбердиева Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылындағы үйлердің бірін жалға алған. Оның жоспарына сәйкес, Темір мен Қадыржан үйдің жертөлесінде шұңқыр қазып қояды.
19 қаңтарда оның таныс жүргізушісі Руслан Муталиев пен қызы Айдана да осы қылмысты жасауға келіседі.
"Айдана Ақбердиева баланы мектептен күтіп алып, оны алдап, Руслан Муталиевтің көлігіне отырғызып, Абай ауылына әкелуі керек болады. Ал Темір Ақбердиев пен Қадыржан Гулямов баланы өлтіріп, алдын ала дайындап қойған шұңқырға көміп тастау керек болатын", - деді прокурор.
Тергеу мәліметінше, жоспар бойынша, Айдана Ақбердиева мен Руслан Муталиев мектепке барады. Айдана Өркенді күтіп алады да, оны алдап көлікке отырғызады. Прокурордың айтуынша, ол үйінде шаруашылық бойынша көмек керек екенін айтып, Өркенді Абай ауылына әкетеді.
Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу барысында Шәрипа Ақбердиеваның Өркенге ағаларына көмек керек болып жатқанын айтып, оны жертөлеге қарай жіберген. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Өркенді онда Темір мен Қадыржан күтіп алып, оны қылғындырып, пышақ салған. Ал киімін үйдегі пешке өртеп жіберген.
Еске сала кетейік, осыған дейін прокуратура өкілдері баланы өлтіруге не себеп болғанын айтқан еді. "Баланы өлтіруді ұйымдастыруға себеп - Шәрипа Ақбердиеваның енесі Есенбекованы жақтырмауы", - деген еді прокуратура өкілдері.
Айта кетейік, 24 қаңтарда баланың өгей шешесі және тағы да төрт күдікті екі айға қамауға алынған болатын.
Сондай-ақ, осыған дейін полицейлер баланың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялаған еді. Сол мәліметтер бойынша, Өркен Азаматұлының өгей шешесі мен оның төрт сыбайласының осы қылмысқа қатысы бар. Күдіктілердің арасында әйелдің қызы мен баласы бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ол баланың әкесінен кек алу үшін осындай қылмысқа барған. Әйел қылмыс жасамай тұрып, Шымкенттен бірінші некедегі 1995 жылғы ұлын шақыртқан. Содан ол досымен бірге сонда келіп, әйел оларға баланы ұрлау үшін 100 мың теңге ұсынады. Кейінірек әйелдің 1997 жылғы қызы, ұлы және оның досы баланы аңдып, 19 қаңтарда ұрлап кетеді.
Сонымен қатар, ІІД ресми өкілі баланың өгей шешесі мен оның досының Шымкентке кетпекші болғанын айтты. Алайда олар ұсталды, себебі баланың әжесі арыз жазған. Айта кетейік, 11 жастағы Өркен осы уақытқа дейін әжесімен бірге тұрған екен. Әжесінің айтуынша, Өркен жауапкершілігі бар бала болатын және ол ешқашан кешікпейтін.
Ал кейінірек өлтірілген Өркен Азаматұлының анасы мәлімдеме жасаған болатын.
Показать комментарии
Читайте также