01 сәуір 2017 19:07

Өлтірілген Өркен Азаматұлының анасы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айжан Қыдырмолданованың Facebook желісіндегі парақшасынан алынған сурет Айжан Қыдырмолданованың Facebook желісіндегі парақшасынан алынған сурет

Өлтірілген Өркен Азаматұлының анасы Айжан Қыдырмолданова ұлының өліміне арнап Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өлтірілген Өркен Азаматұлының анасы Айжан Қыдырмолданова ұлының өліміне арнап Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәлеметсіздер ме, құрметті қазақстандықтар! Осыдан екі ай бұрын әр әйел адамының өмірінде болатын ең қымбат адамымды жоғалттым. Туған ұлымды жоғалтып алдым. Жүрегімді жұлып алып, таптап тастады. Мен барлық әлеуметтік желіде адамдардың өлтірілген Өркеннің анасы қайда деп сұрап жатқанын білемін. Маған бұл туралы жазу өте қиын, бірақ не болса да, бұл туралы жазуды шештім", - деп бастады мәлімдемесін анасы.

Сондай-ақ, Айжан Қыдырмолданова бұрынғы күйеуі мен отбасыларындағы қарым-қатынасы жайлы айтып берді.

"Біз Өркен бір жастан енді асқанда әкесімен ажырасып кеткен болатынбыз. Ұлымды тәрбиелеуге ата-анам көмектесті. Мен бар күшімді салып жұмыс істедім, әкесінен ешқандай да алимент алмайтынбыз. Одан тек анда-санда көмек сұрайтынмын. Мен ұлым үшін оның әкесінің сатқындығын кешірдім. Кішкентай баланың жүрегінде әкесіне деген өшпенділіктің болғанын қаламадым. Сондықтан олардың араласуына кедергі етпедім. Әкесімен бірге болмасақ та, оған әкесін жақсы көретінімізді айтатынмын. Әкесі ажырасқан соң бірден үйленді. Содан уақыт өте келе ұлымыз да өсіп қалды. 8 жасқа келген еді", - деп жалғастырды сөзін Айжан Қыдырмолданова.

Содан Өркеннің анасы жеті жылдан соң тұрмысқа шыққанын айтты. Оның айтуынша, кейіннен онда отбасылық проблемалар басталған. "Бірақ бір айтатыным, күйеуім ұлымды бірден қабылдады, достасып кетті. Ол оны "әке" деп атап жүрді. Содан мен бала көтердім, тағы бір ұлды күттік. Бірақ өмірде барлығы мінсіз емес. Тұрақты тұрғылықты жеріміз бен жұмысымыз болмағандықтан бізге тұратын үйіміз бен қаланы жиі ауыстыруға тура келді. Күйеуімнің жұмысына байланысты қаладан қалаға көшіп жүретінбіз. Мен сәбимен отырып, жұмыс істемедім. Содан Өркеннің оқуына қатысты мәселе қозғалды. Содан мен Өркеннің әжесінен көмек сұрадым. Себебі ол әжесіне жиі барып, араласып тұратын. Содан әжесімен ақылдасып, мен тұрақты бір жерге жұмысқа тұрғанша Өркен әжесімен болады деп шештік. Маған осы нұсқа жақсы болды, ұлыма да уайымдамайтын болдым. Себебі ол жақын адамдарымен бірге болды ғой. Біз Өркен каникул кезінде және демалыстарда менімен уақыт өткізеді деп шештік'', - дейді анасы.

"... Содан ұлымды әкететін уақыт келді. Каникулды күту ғана қалған еді. Ұлымды соңғы рет жаңажылдық каникулда құшақтаған едім. Мен оған сонда былай деп едім: "Жаным менің кішкене ғана қалды, шыдай тұр. Көктем де келіп қалады, үйді салып болған соң, сені алып кетеміз. Бірге боламыз". Бірақ мен тағдырдың оны менен алып кететінін және оны сол кезде соңғы рет құшақтағанымды білмедім. Ешқандай да көктемнің болмайтынын білмедім. Енді менің өмірімде онсыз ешқашан көктем болмайды. Ата-ана жасаған күнәға баланың жауап беретіні ауыр тиеді әрі әділетсіз. Ұлының өліміне әкесінің себеп болуы бұл тіптен ауыр. Әкесінің жіберген қателіктері мен ақымақ істерінен балам зардап шекті. Ол туғанынан бері періште еді. Жарқын, мейірімді бала еді. Мен балаға әкесімен жақын араласу өте маңызды деп ойладым. Ол үшін бұл маңызды деп ойладым. Бұдан оған зардап тиеді деп ешқашан ойламадым. Қатал тағдыр біз үшін барлығын шешіп қойды", - деп жазды Айжан Қыдырмолданова.

"Мұндай сұмдық қылмысты ешқалай ақтап алу мүмкін емес. Мен ұлыммен бірге өлдім. Осы қылмысты жасағандардың заң бойынша жазалғанғандарын көру үшін өзімді барынша ұстап жүрмін. (...) Ұлымды әжесіне тапсырғаным үшін өзімді ешқашан кешірмеймін. Мен бейқамдығым үшін жазаландым. Мен мұны өзімді ақтап алу үшін жазып отырғаным жоқ. Мен тек осыған ұқсас жағдайлармен кездескен адамдарға ешқашан менің қателіктерімді қайталамағанын қалаймын. Өмірде не болатынын алдын ала білмейсің. Енді менің өмірімде ештеңені де түзей алмайсың. Өз басымнан осындай оқиға өткендіктен "Әрбір сәтті бағалаңыздар, керек емес жанжал мен ренішке уақыт жұмсамаңыздар. Балаңыздың әрбір сәтін бақытты етіңіздер" дегім келеді", - деп жазды Айжан Қыдырмолданова Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, 24 қаңтарда баланың өгей шешесі және тағы да төрт күдікті екі айға қамауға алынған болатын.

Ал осыған дейін полицейлер баланың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялаған еді. Сол мәліметтер бойынша, Өркен Азаматұлының өгей шешесі мен оның төрт сыбайласының осы қылмысқа қатысы бар. Күдіктілердің арасында әйелдің қызы мен баласы бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ол баланың әкесінен кек алу үшін осындай қылмысқа барған. Әйел қылмыс жасамай тұрып, Шымкенттен бірінші некедегі 1995 жылғы ұлын шақыртқан. Содан ол досымен бірге сонда келіп, әйел оларға баланы ұрлау үшін 100 мың теңге ұсынады. Кейінірек әйелдің 1997 жылғы қызы, ұлы және оның досы баланы аңдып, 19 қаңтарда ұрлап кетеді.

Сонымен қатар, ІІД ресми өкілі баланың өгей шешесі мен оның досының Шымкентке кетпекші болғанын айтты. Алайда олар ұсталды, себебі баланың әжесі арыз жазған. Айта кетейік, 11 жастағы Өркен осы уақытқа дейін әжесімен бірге тұрған екен. Әжесінің айтуынша, Өркен жауапкершілігі бар бала болатын және ол ешқашан кешікпейтін.

Баланың әжесі Бағдагүл апаның айтуынша, өгей шешесі бұл қылмысты әкесінен кек алу үшін жасаған. "Бұл әйел менің ұлыммен ұрысатын. Ұлым одан кеткісі келді. Содан ол ұлымнан осылайша кек алды. Баланы ұрлап, өлтіріп тастады. Олардың тағы бір баласы - үш жастағы қызы бар", - деді баланың әжесі.

Айта кетейік, мәйіті табылған 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесінің және тағы төрт адамның ұсталғаны хабарланған болатын. "2005 жылғы Азаматұлы Оңғарды ұрлау және өлтіруді ұйымдастырды деген күдікпен оның өгей шешесі - 1980 жылғы азаматша А. ұсталды", - делінген еді ІІД хабарламасында.

Еске салайық, Өркен Азаматұлы 21 қаңтарда өлі табылған еді. "Полицейлер бүгін түсте хабарласып, Өркеннің денесін тапқанын айтты. Баланың неден өлгенін олар әлі айтпады. Оны тану бардық, бұл біздің Өркен", - деген еді оқушының ағасы Нұрбек.

Азаматұлы Өркен түсте сабақтан қайтып келе жатқан уақытта жоғалып кеткен. Соңғы рет оны сыныптастары көрген екен. Олардың айтуынша, Өркен сағат 13.30 бен 14.00 аралығында сабақтан шығып, Шевченко мен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы аялдамада тұрған. Кейіннен ол № 135 автобусқа мініп, үй жағына қарай кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети