22 қаңтар 2017 17:49

Алматыда жоғалған 11 жастағы бала өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 19 қаңтарда із-түссіз жоғалып кеткен 11 жастағы Өркен Азаматұлы өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне баланың туыстары айтты.


Алматыда 19 қаңтарда із-түссіз жоғалып кеткен 11 жастағы Өркен Азаматұлы өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне баланың туыстары айтты.

Баланың туыстарының айтуынша, баланың өлігі бүгін, 22 қаңтарда табылған. "Полицейлер бүгін түсте хабарласып, Өркеннің денесін тапқанын айтты. Баланың неден өлгенін олар әлі айтпады. Оны тану бардық, бұл біздің Өркен", - деп мәлімдеді оқушының ағасы Нұрбек.

Азаматұлы Өркен түсте сабақтан қайтып келе жатқан уақытта жоғалып кеткен. Соңғы рет оны сыныптастары көрген екен. Олардың айтуынша, Өркен сағат 13.30 бен 14.00 аралығында сабақтан шығып, Шевченко мен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы аялдамада тұрған. Кейіннен ол № 135 автобусқа мініп, үй жағына қарай кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети