22 қаңтар 2017 19:55

Мәйіті табылған 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жансыз денесі табылған 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесі ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД өкілдері хабарлады.


Алматыда жансыз денесі табылған 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесі ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД өкілдері хабарлады.

"2005 жылғы Азаматұлы Оңғарды ұрлау және өлтіруді ұйымдастырды деген күдікпен оның өгей шешесі - 1980 жылғы азаматша А. ұсталды", - делінген ІІД хабарламасында.

Полицейлердің айтуынша, Азаматұлы Өркеннің денесі өткен түнде Наурызбай ауданындағы саяжайлардың бірінің жертөлесінен табылған. Бұл үйді оның өгей шешесі жалға алған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланы қылғындырып өлтірген, сондай-ақ, оған көптеген дене жарақатын салған. Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін күдіктілер оның денесі жалға алған үйдің жертөлесінде көміп тастаған.

"Жедел-іздестіру шараларының барысында өгей шешесімен бірге төрт адам ұсталды. Олар баланы ұрлап, өлтірген деген күдікпен ұсталған. Олар Алматыдан шығып кетпек болған, бірақ мұны жүзеге асыра алмады. Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері баланың өлім себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындады. Ұсталғандар қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Еске салайық, 11 жастағы Өркен Азаматұлы бүгін өлі табылған еді. "Полицейлер бүгін түсте хабарласып, Өркеннің денесін тапқанын айтты. Баланың неден өлгенін олар әлі айтпады. Оны тану бардық, бұл біздің Өркен", - деп мәлімдеді оқушының ағасы Нұрбек.

Азаматұлы Өркен түсте сабақтан қайтып келе жатқан уақытта жоғалып кеткен. Соңғы рет оны сыныптастары көрген екен. Олардың айтуынша, Өркен сағат 13.30 бен 14.00 аралығында сабақтан шығып, Шевченко мен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы аялдамада тұрған. Кейіннен ол № 135 автобусқа мініп, үй жағына қарай кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети