30 мамыр 2016 12:10

Прокурорлар Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Ермегияев. © Тұрар Қазанғапов Талғат Ермегияев. © Тұрар Қазанғапов

Прокурорлар Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының залынан.


Прокурорлар Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының залынан.

"Ермегияев Талғат Амангелдіұлын ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігі бойынша айыпты деп танып 14 жылға бас бостандығынан айыруды, ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танып, белгілі бір қызметтерге өмір бойына тағайындалуға құқығынан айыра отырып, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салып, мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. ҚР ҚК 58-бабының негізінде ауыр қылмысты одан да ауыр қылмысқа ауыстырып, мүлкін тәркілей отырып, 14 жылға бас бостандығынан айыруды, сонымен қатар, белгілі бір қызметке тағайындалу мен белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын. Жаза қатаң режимдегі түзету колониясында өтелсін", - деп мәлімдеді прокурор Әлібек Айтжанов.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру туралы атышулы іс аяқталуға жақын. Сот тергеуі аяқталды, процеске қатысушылар тараптарды қатар тыңдауға көшті. Осы процедурадан кейін судья үкім шығару үшін кеңес бөлмесіне кіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети