ПТР-анықтамасы жалған алматылықтар Дубайға демалысқа ұша алмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПТР-анықтамасы жалған алматылықтар Дубайға демалысқа ұша алмай қалды Фото: elements.envato.com

Алматылық фирмалардың бірінің қызметкерлері сыйлық ретінде Дубайға жолдама алған, бірақ ұшып кете алмады. Себебі, олар жалған ПТР-анықтама қолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық фирмалардың бірінің қызметкерлері сыйлық ретінде Дубайға жолдама алған, бірақ ұшып кете алмады. Себебі, олар жалған ПТР-анықтама қолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Бұл туралы ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов мәлімдеді.

"30 шілдеде Алматы халықаралық әуежайында, көлік полицейлері қала әуежайының жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету қызметкерлерімен бірге, ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен жалған анықтамасы бар адамдар тобын ұстады", - деді Жоланов.

Оның айтуынша, ұсталған сегіз адамның бәрі Алматыдағы жеке фирмалардың бірінің қызметкері. Олар жұмыс барысында ерекше көзге түскен қызметкерлер ретінде Дубайға жолдама алған. 

Жауап алу кезінде құқықбұзушылар ПТР-анықтамасын Интернет арқылы сатып алғанын айтты.

"Дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі ("Көрінеу жалған құжатты пайдалану") бойынша соталды тергеу басталды", - деді полиция полковнигі.

Оның айтуынша, бұл Алматы әуежайында анықталған 11-інші факт.

Полицейлер тұрғындарға жалған вакцина паспортын пайдалану 160 АЕК (467 мың теңгеге жуық) мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланатынын тағы да ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети