Қалқаманда болған атыс: Кісі өлтірді делінген күдікті қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалқаманда болған атыс: Кісі өлтірді делінген күдікті қамауға алынды © 360tv.ru

Полицейлер Қалқаман ықшамауданында болған атыста адам өлтірді делінген күдіктіні қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Қалқаман ықшамауданында болған атыста адам өлтірді делінген күдіктіні қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 29 маусымға қараған түні Қалқаман ықшамауданында болған. Екі ер адамның арасында жанжал шығып, оның барысында бірі травмат қаруын қолданған. Оның нәтижесінде екінші ер адамның басына оқ тиіп, қаза тапқан. 

"Осыған дейін біз бұл деректің Наурызбай ауданы ІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша тіркелгенін хабарладық. Қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру шараларының барысында бастапқы бір сағат ішінде қылмысқа қатысы бар адамдар ұсталды. Сонымен қатар, ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысының 32 жастағы тұрғыны ұсталды", - деді Алматы қалалық ІІД криминималдық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Оның айтуынша, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмыс құралы алынып, істің материалдарына тіркелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети