Қапшағайда төрт полицей ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағайда төрт полицей ұсталды

Алматы облысы Қапшағай қалалық ІІБ қызметкерлері есірткі сатушыларға қорғаншылық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық прокуратурасының өкілдері хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қапшағай қалалық ІІБ қызметкерлері есірткі сатушыларға қорғаншылық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық прокуратурасының өкілдері хабарлады. 

"Алматы облыстық ҰҚКД мен облыстық прокуратура есірткі заттарын таратушыларға қатысты тергеу әрекеттерін жүргізу барысында Қапшағай қалалық ІІБ қызметкерлерінің қылмысқа жақтаушылық жасағаны анықталды. 2017 жылдың 20 желтоқсанында жедел тергеу шараларының қорытындысы бойынша Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің 4 қызметкері ҚР ҚК-нің 297 және 361-баптарында қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған, сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 297-бабында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен екі адам ұсталды , - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Іс арнайы прокурорлардың өндірісінде және осы іс бойынша процестік прокурор тағайындалған. Тергеу мүддесіне байланысты істің мән-жайы жария етілмейді екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети