Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды. Бұл туралы Астанада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бердалин Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғанын мәлімдеді.

"Оған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының лауазымды тұлғаларымен алдын ала сөз байласу арқылы 36 миллион теңгеден аса сомада бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Қаражат облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандарды арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етуге бөлінген, атап айтқанда бағасы жоғарылатып көрсетілген және техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейтін тұғырлар мен мүгедектерге арналған арбалар алынған", - деді Арман Бердалин.

Сот күдіктіні және оның үш сыбайласын қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы санкциялаған. Тергеу жалғасады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course down  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети