Қарағанды облысында Әкімшілік полициясы басқармасының басшысының орынбасары ұсталды

Ерғабыл Жүкенов. © Autolist.kz

Қарағанды облысында ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының басшысының орынбасары өңірлік жол-полициясының жұмысына жауапты Ерғабыл Жүкенов жеке құрамнан алым-салық алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

Қарағанды облыстық прокуратура өкілдері полиция подполковнигінің тарапынан ақшалай алым-салық алуы туралы арызды жол-патрульдік полиция бөлімшелерінің инспекторлары жазғанын хабарлады.  

Ұжымдық арыз мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне келіп түскен. 

Реклама
Реклама

"Соталды өндіріс қозғалды, әкімшілік полициясы басқармасының басшысының орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады прокуратурадағылар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама