Қарағанды облысында аудан әкімінің орынбасары туыстарына пәтер мен жерді заңсыз алып берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында аудан әкімінің орынбасары туыстарына пәтер мен жерді заңсыз алып берген ©mobiarch.net

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары Марат Бимағамбетовке мемлекеттік тұрғын үй қорынан өзінің туған әпкесіне пәтер, ал жұбайына жер телімін заңсыз жолмен алып берді деген күдік келіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Нұрғалиевке сілтеме жасап. 

"Абай ауданы әкімінің орынбасары Марат Бимағамбетов өзінің жұбайы Бимағамбетоваға Абай қаласындағы жер теліміне үй салу үшін жерді уақытша пайданалу туралы шешімді заңсыз шығарған. Осыдан кейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан өзінің туған әпкесі Балтаеваға жеке пәтері бола тұра пәтер беру туралы қаулыға қол қойған", - деп хабарлады Арман Нұрғалиев.

Департамент басшысының бірінші орынбасарының сөзіне қарағанда, Бимағамбетовтің заңсыз әрекеттеріне оның әріптестері көз жұма қарап, ешқандай шара қолданбаған. "Жер қатынастары бойынша комиссия түріндегі мемлекеттің құзырлы органдарының қызметкерлері мен баспана бөлу мәселесі бойынша комиссия бұйрықты орындап, бұл қылмыстарды жасауға жол берген", - деді Арман Нұрғалиев.

Сыбайлас жемқорлыққа күдікті шенеунік Абай әкімінің бұйрығымен қызметінен босатылды. Қылмыстық істі тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети