Қарағанды облысында ер адам зейнеткерді пышақпен қорқытқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында ер адам зейнеткерді пышақпен қорқытқан

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар ауылында 35 жастағы тұрғын 61 жастағы зейнеткерге қоқан-лоқы көрсеткен. Оқиға тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлер түсірген видеода Instagram желісінде жарияланды. Онда ашуға булыққан ер адам қолына пышақ ұстаған. Ол үйдің тұрғындарымен жанжалдасқан. Видео сипаттамасында осы ер адамның бірнеше рет осындай тірлікке барып, бұзақылық жасайды екен. 

Осы видео жарияланғаннан кейін полицейлер тексеру жүргізген. Олар видеодағы ер адамның кім екенін анықтап, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. 

"Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде Топар ауылының 35 жастағы тұрғыны екені анықталды, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік материал жинастырылды. Әкімшілік сот оны үш тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Айта кетейік, ұсталған адам бұрындары әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және ішкі істер органдарының тіркеуінде тұрғаны белгілі", - делінген Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети