Қарағанды облысында киік атқан браконьер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында киік атқан браконьер ұсталды ©Alau.kz

Қарағанды облысы ІІД табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері жүргізілген рейд шаралары барысында Жезқазған қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Одан киіктің еті тәркіленді. 

Оқиға 16 мамырда Қарағанды облысы Ұлытау ауданында болды. "Жануарлар әлемін қорғау мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Toyota Land Cruiser автомобилін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында қосұңғылы қару мен оқ дәрі және киік еті алынды", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша бірқатар сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін браконьерлердің Ақтөбе облысында 60 бас киікті қырып тастағаны хабарланған болатын. Киіктердің Қызыл кітапқа енгізіліп, мемлекеттік қорғауға алынғаны белгілі. Санының сиреп бара жатқанына байланысты бұл жануарларды Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (IUCN) ерекше санатқа жатқызады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети