Қарағанды облысында сәбиін қоқысқа тастаған студент қыз алимент төлеп тұратын болды

Қарағанды облысында сәбиін қоқысқа тастаған 18 жастағы студент қыз алимент төлеп тұратын болды. Ол енді ай сайын АЕК көлемінің төрттен бірін төлеуі тиіс, - деп хабарлайды "Диапазон" Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл айлық есептік көрсеткіш 2121 теңгеге тең болғандықтан, анасы сәбиіне ай сайын 530 теңге төлеп тұрады. 

Басылымның мәліметінше, қызға қатысты шағым-талапты Сәбилер үйі беріпті. Өз кезегінде сот оны толықтай қанағаттандырды. Қыз сәби кәмелет жасына келгенше төлеп отырады екен. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше Қарағанды облысында қоқыстан аузы әжетхана қағазымен оралған нәресте табылған болатын. Дәрігерлер нәрестенің жағдайы ауыр екенін хабарлаған еді. Кейін Қарағанды облысында нәрестені қоқысқа 18 жастағы анасы тастаған болып шықты. Бұдан кейін нәресте Балалар үйіне жеткізілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама