Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қарағанды облысында нәрестені қоқысқа 18 жастағы анасы тастаған болып шықты

19 Мамыр 2016, 09:14
0
© Facebook.com
© Facebook.com

Полицейлер Жезқазған маңындағы Кеңгір ауылында қоқыс контейнерінен табылған нәрестенің анасын тапты, - деп хабарлайды КТК

Телеарнаның мәліметінше, ол 18 жаста. Оның бұл іске неліктен барғандығы әзірше белгісіз.

Еске салайық, кеше Қарағанды облысында қоқыстан аузы әжетхана қағазымен оралған нәресте табылған болатын. Дәрігерлер нәрестенің жағдайы ауыр екенін хабарлаған еді. "Нәрестенің жағдайы өте ауыр, ол дұрыс тыныс ала алмай жатыр. Өкпесіне жасанды вентиляция қосылды, әзірше парентералдық қоректендіруде. Өміріне қауіп төніп тұр. Мерзімі жетпей туған, шамамен 23-24 айлық. Бізге оны ауыр жағдайда суықтап қалған күйі жеткізді. Қазір нәресте дәрігерлердің бақылауында", - деді балалар бөлімшесінің меңгерушісі Кәукен Жақсыгелдинова. Сонымен қатар, ол табылған нәрестенің ұл екенін айтты. Оған әзірше есім берілмеді. Инкубаторда қанша уақыт болатыны да белгісіз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай