Алдағы бес жылда Жерде рекордтық аптап болады - БҰҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы бес жылда Жерде рекордтық аптап болады - БҰҰ Фото:depositphotos.com

Алдағы бес жылда Жердегі орташа температура жаңа рекордтар орнатады. Бір кезең кем дегенде соңғы 70 жылдағы ең ыстық уақыт болады деп күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, 2027 жыл ең ыстық жыл болмақ. Мұндай болжамды БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы (ДМҰ) ұсынды, деп хабарлайды Tengri Life.


Алдағы бес жылда Жердегі орташа температура жаңа рекордтар орнатады. Бір кезең кем дегенде соңғы 70 жылдағы ең ыстық уақыт болады деп күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, 2027 жыл ең ыстық жыл болмақ. Мұндай болжамды БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы (ДМҰ) ұсынды, деп хабарлайды Tengri Life.

2026-2030 жылдар аралығында Жердің орташа температурасы рекордтық көрсеткіштерге жетуі мүмкін, делінген Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның баяндамасында.

2026-2030 жылдардағы орташа жылдық температура 1850-1900 жылдардағы орташа көрсеткіштен 1,3 - 1,9 градусқа жоғары болуы мүмкін.

ДМҰ Жердің орташа температурасы индустрияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда кем дегенде 1,5 градусқа жоғарылау ықтималдығын 75 пайыз деп бағалады. Бұл шек — 2015 жылғы Париж климаттық келісімімен белгіленген жаһандық жылынудың келісілген ұзақ мерзімді лимиті.


ДМҰ баяндамасына сәйкес, 86 пайыз ықтималдықпен 2026 және 2030 жылдар аралығындағы жылдардың бірі 2024 жылғы рекордты жаңартып, бақылау тарихындағы ең жылы жыл болады. Метеорологтар Эль-Ниньо әсерінен 2027 жыл жаңа рекордшы атануы мүмкін деп болжайды.

Сондай-ақ алдағы бес қыс бойы Арктикадағы температура 1991-2020 жылдардағы орташа деңгейден 2,8 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Алдағы бес жылда Солтүстік Еуропада қыс өте ылғалды болуы мүмкін - бұл аймақ үшін негізгі климаттық тәуекелдердің бірі, ол су тасқынының ықтималдығын арттырады, деп көрсетеді метеорологтар.

Бұған дейін біз 2025 жылдың Қазақстанда 1941 жылдан бергі метеобақылау кезеңіндегі ең жылы жыл болғанын хабарлаған едік.

Tengrinews