Қазақстан бақылау тарихындағы ең ыстық жылды бастан өткерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан бақылау тарихындағы ең ыстық жылды бастан өткерді Фото:depositphotos.com

2025 жыл Қазақстанда 1941 жылдан бергі метеобақылау кезеңіндегі ең жылы жыл болды деп хабарлайды Tengrinews.kz.


2025 жыл Қазақстанда 1941 жылдан бергі метеобақылау кезеңіндегі ең жылы жыл болды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" "2025 жылғы Қазақстан аумағындағы климат ерекшеліктері туралы" талдау шолуын дайындады. Құжатта температуралық режим, жауын-шашын мөлшері, қар жамылғысының жай-күйі, агроклиматтық жағдайлар, сондай-ақ Каспий теңізі мен Балқаш көлінің деңгейі туралы деректер ұсынылған.

Қазақстан климаты жылына түсті

Шолуға сәйкес, климаттық бағалау ел аумағында тұрақты жылыну жүріп жатқанын көрсетеді. 1960-шы жылдардан бастап Қазақстанда әрбір онжылдық алдыңғысынан жылырақ болып келеді.

2016–2025 жылдар аралығындағы орташа температура +7,11 градусты құрады, бұл нормадан 0,83 градусқа жоғары. 2021–2025 жылдар кезеңі +7,55 градус көрсеткішімен ең жылы бесжылдыққа айналды.

Ең жылы он жылдың тоғызы XXI ғасырға тиесілі, бұл климаттық өзгерістердің жеделдеп жатқанын дәлелдейді.

2025 жылдың рекорды

2025 жылы температура аномалиясы +2,11 градусқа жетті. Бұл бұған дейін рекордтық болып саналған 2023 жылғы көрсеткіштен (+1,73 градус) жоғары.

Әсіресе солтүстік-батыс, орталық өңірлерде, сондай-ақ Қызылорда облысы мен батыс және шығыс аймақтардың кей бөліктерінде +2,5 градустан асатын айтарлықтай ауытқулар тіркелді.

Қазақстанның 176 метеостанциясында өте жоғары температуралық көрсеткіштер байқалды, ал 138 станцияда 2025 жыл 1941 жылдан бергі бақылау тарихындағы ең жылы жыл болды.

Жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде

Ел бойынша жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 295,7 миллиметрді құрады, бұл норманың 91,8 пайызына сәйкес келеді.

Кейбір өңірлерде, әсіресе Жамбыл және Түркістан облыстарында жауын-шашын тапшылығы байқалды. Сонымен қатар Павлодар облысында көрсеткіштің нормадан 23 пайыздан астам артық болғаны тіркелді.

Жауын-шашынның ең көп мөлшері солтүстік және шығыс аймақтарда байқалды, мұнда көрсеткіштер нормадан 150 пайызға дейін асты.

Ұзақ мерзімді үрдістер

Синоптиктердің айтуынша, 1976–2025 жылдар аралығында Қазақстандағы орташа жылдық температура әр он жыл сайын орта есеппен 0,4 градусқа көтеріліп отыр.

2000-шы жылдардың басынан бастап оң температуралық аномалиялар басым болса, 2010-шы жылдардан кейін жылыну үрдісі күшейе түсті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.51   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +25
Ақтау +16
Ақтөбе +13
Атырау +14
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +25
П
Павлодар +21
Петропавл +24
С
Семей +22
Т
Талдықорған +26
Тараз +30
Түркістан +19
О
Орал +16
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер