Қарағанды облысында тергеу изоляторынан екі тұтқын қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында тергеу изоляторынан екі тұтқын қашып кетті tengrinews.kz фотосы

Қарағанды облысында тергеу изоляторында отырған екі адам қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі тергеу изоляторының басшысы Бүркіт Садақовқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында тергеу изоляторында отырған екі адам қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі тергеу изоляторының басшысы Бүркіт Садақовқа сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің АК 159/1 тергеу изоляторында ұрлық бойынша сотталған екі азамат 9 қараша күні сағат 15.00 мен 16.00 арасында қашып шыққан. Сотталғандар шаруашылықпен айналысатын қызметтік ғимараттың ішіндегі терезелердің біріндегі торды шешіп алған. Олар терезеден изолятор аумағына шығып, сыртқы қоршаудан асып түсіп, қашып кеткен. "Екі тұтқынды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жоқ", - деді Бүркіт Садақов. ҚАЖК департаменті басшылығымен қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқандығы белгілі.

Еске салайық, 2014 жылдың шілдесінде дәл осы тергеу изоляторынан сотталған азамат қашып кеткен болатын. Шаруашылық алаңда атқарылған шаруалардан кейін, қамауға алынғандардың бірінің жоқ екендігі белгілі болған. Айта кетейік, ол ҚР Қылмыстық кодексінің "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бабы бойынша бес жылдық жазасын өтеп жатқан болатын. Қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыскер бір тәуліктен кейін жақын маңдағы саяжай ауылдарының бірінен табылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети