Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің қамаудағы мерзімі 23 мамырға дейін ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің қамаудағы мерзімі 23 мамырға дейін ұзартылды Бауыржан Әбдішев. ©Айсұлу Буштаева

Бүгін Қарағандының Қазыбек би аудандық №1 соты бұрынғы әкім Бауыржан Әбдішевтің "қамау" бұлтартпау шарасының мерзімін 23 мамырға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сотқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қарағандының Қазыбек би аудандық №1 соты бұрынғы әкім Бауыржан Әбдішевтің "қамау" бұлтартпау шарасының мерзімін 23 мамырға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сотқа сілтеме жасап.

"Сот қылмыстық істің материалдарымен танысу үшін Бауыржан Әбдішевтің қамаудағы мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдайды", - деп оқыды қаулыны судья Бахыт Ахметова.

Қамау мерзімін ұзарту туралы өтінішті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі берді. 

"Осылайша, Бауыржан Әбдішевке қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы осы жылдың 23 мамырына дейін ұзартылады", - деді судья.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін ҚР ҚК 307-бабы бойынша айыпталған еді. Оған "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңды жеке мақсаты үшін бұза отырып, тендерлерде жекелеген фирмалардың мүддесін қорғады деген айып тағылды. Тергеудің мәліметінше, Әбдішев Қарағанды қаласын көріктендіру бағдарламасы бойынша тендерде теміртаулық "Сталь Монтаж" фирмасын жеңімпаз ету үшін одан 12 миллион теңге алған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу органына "Сталь Монтаж" ЖШС қызметкері осындай айғақ берді. "Делдал арқылы ақшаны беріп жіберіп, фирма тендерді ұтып шықты, сөйтіп, Қарағанды қаласын көріктендіру мемлекеттік бағдарламасы бойынша көшенің жарық бағандарын шығару мен жөндеуге, басқа да жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алған", - деп хабарлады тергеу тобының қызметкерлері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети