Қарағандыда 180 адамды алдаған риелторлар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 180 адамды алдаған риелторлар сотталды Фотоколлаж Tengrinews.kz

Қарағандыда 180-ге жуық адамды алдаған риелторларға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 180-ге жуық адамды алдаған риелторларға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іс Қарағандының Қызыбек би аудандық сотында қаралды. Алғашында сот алдында сегіз риелтор әйел мен олардың басшысы жауап берген. 

Сот барысы кезінде айыпталушылардың бір бөлігі зардап шеккендермен өзара келісті. Ақыры төрт әйел мен басшылары сотталды. 

"Сот Нөкербековті 190-баптың 2-тарауының 1, 2-тармақтары бойынша айыпты деп таныды. Сот үкімі бойынша оның мүлкі тәркілене отырып, төрт жылға бас бостандығынан және қызмет көрсету саласында үш жыл жұмыс істеу құқығынан айырылды", - дейді сот өкілдері. 

Өзге үш айыпталушының әрқайсысы 1 жылға, ал тағы біреуі бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Олардың да мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік, зардап шегушілердің барлығы жалға пәтер тауып беру үшін жылжымайтын мүлік агенттіктеріне хабарласқан. Агенттікте оларға келісімшарт жасасып, алдын ала 8 мың теңге төлем алған. Осыдан кейін келушілерге жалған нөмірлер беріліп отырған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети