Қарағандыда 25 жастағы қызды өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады делінген күдікті қылмысын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 25 жастағы қызды өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады делінген күдікті қылмысын мойындады ©"ВКонтакте" желісінен

Қарағандыда 25 жастағы қызды өлтіріп, денесін чемоданға салып, мектеп ауласына тастап кетті деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Жетінші арна".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 25 жастағы қызды өлтіріп, денесін чемоданға салып, мектеп ауласына тастап кетті деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Жетінші арна".

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, ұсталған азамат өзара келіспеушілігі нәтижесінде адам өлтіргені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. "Қазір ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 99 бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Құдияров.

Марқұмның туыстары жоғалған қыздарын барлық әлеуметтік желілер арқылы іздестірген. Көп ұзамай, 9 мамыр күні марқұмның денесі табылды. Сол күні қызды өлтіруі мүмкін деген күдікті де ұсталған. Ол - Осакаров ауданының 20 жастағы тұрғыны екен. "Күдікті жасаған аса ауыр қылмысын толық мойындады",- деп мәлімдеді полицейлер. Бір анығы, ұсталған жігіт марқұм Аяулы Сүлейменовамен бір үйді жалдап тұрыпты. Ұрыс-керіс пәтер ақысын төлейтін уақытта туындаған көрінеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілу үстінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети