Қарағандыда ер адам балалардың көзінше өз итін сүйменмен аяусыз сабады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ер адам балалардың көзінше өз итін сүйменмен аяусыз сабады Еріктілер жолдаған сурет

Қарағандыда иесі өзінің алабай итін балалардың көзінше аяусыз ұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бұл туралы "Дари добро Караганда" тобында жазған еріктілерге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда иесі өзінің алабай итін балалардың көзінше аяусыз ұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бұл туралы "Дари добро Караганда" тобында жазған еріктілерге сілтеме жасап.

Оқиға 25 мамыр күні Майқұдықта болған. "Майқұдық тұрғыны өзінің және көрші балалардың көзінше Амир есімді итін соққыға жықты. Кейін құмдағы және қабырғадағы қан іздерін сүртіп, жайбарақат кетіп қалды! Қазір иттің жағдайы өте нашар, оған медициналық көмек қазжет, дегенмен бұл іспен айналысатын адам жоқ. Кір орағыш танып қойыпты. Иесі көмек қабылдамайды, итті бермей де отыр", - деді еріктілер.

Ерікті Инна Радченконың айтуынша, ол иттің иесімен телефон арқылы сөйлесіп көрген. Ол иттің балаларға шабуылдағанын айтып ақталыпты. Сонымен қатар, еріктілер полицияға арыз жазып, үй жануарының жағдайын полицейлермен бірге барып көрген. Еріктілер итті видеоға түсіріп алды.

Ирина Қарағанды тұрғындарына итке арналған тор табуға көмек сұрады. Бүгін, 30 мамырда олар полицейлермен және мал дәрігерлерімен бірге барып итті алып кетуді жоспарлап отыр. "Біз оны алып кеткіміз келді. Ит өзін еркін сезінуі үшін бізге тор керек. Сонымен қатар, итті емдеу керек. Иесінің айтуынша, ол ешкімді тыңдамайды жіне адамдарға шабуылдайды. Дегенмен бұған иттің иелері кінәлі. Олар мұндай итті асыраған кезде салдарын ойлауы керек. Өздері тәрбиелемейді, кейін итінің өзін тыңдағанын қалайды. Көмек көрсеткісі келетіндер "Дари добро Караганда" тобына жазса болады", - деді еріктілер.

Қарағанды облысы ІІД өкілдері оқиғаға қатысты пікірдің кейін берілетінін жеткізді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети