Қарағандыда ер адам екі баланың анасын пышақтады: қанішерді бір топ адам ұрып өлтіре жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ер адам екі баланың анасын пышақтады: қанішерді бір топ адам ұрып өлтіре жаздады Оқиға болған үй. ©Nasha-yarmarka.kz/Александр Коханов

Қарағандыда мас ер адам өзіне ескерту жасаған 30 жастағы әйелді пышақтап тастады. Бұл оқиға 1 маусымда Восточный көшесінің бойында орналасқан үш қабатты үйлердің біріндегі кіреберісте болды, - деп хабарлайды "Наша Ярмарка". Қанды оқиға қарт кісілер мен балалардың көз алдында болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда мас ер адам өзіне ескерту жасаған 30 жастағы әйелді пышақтап тастады. Бұл оқиға 1 маусымда Восточный көшесінің бойында орналасқан үш қабатты үйлердің біріндегі кіреберісте болды, - деп хабарлайды "Наша Ярмарка". Қанды оқиға қарт кісілер мен балалардың көз алдында болған.

Қаза болған Оксана Грачеваның артында екі кішкентай баласы қалды. Оның көршісі Оксана мен оның құрбысының аула алдындағы орындықта отырған ер адамға ескерту жасағанын айтты. "Бұл балалардың алаңы, мұнда балалар ойнайды, ал сен болсаң мас болып отырсың. Кет бұл жерден", - деді олардың бірі.

Ер адам келіншектердің үй кіреберісіне кірген сәтінде соңдарынан қуа жөнеледі. Бірнеше минуттан кейін қатты дыбыс шықты. "Балалар ойнап жүр екен дедім. Шықсам... Ойбай! Кіреберіс қанға малып жатыр. Ол Оксананың артынан барған сияқты, қай жерін пышақтағанын түсіне алар емеспін. Тіпті пәтерінде болса керек, себебі пәтеріндегі жиһаздарға қан тиген", - деді көршісі Наталья Осипова.

"Мас адам Оксананың жүрегіне пышақ салды. Ол құрбысының пәтеріне дейін барып, көмекке шақыра алды. Сол жерде, сыз еденде келіншек қайтыс болды. Ер адам пышақты тастап, қашып кетпекші болды, бірақ жергілікті тұрғындар оңбағанды ұстап алды. Келіп жеткен тәртіп сақшылары оңбағанды жұрттан әрең арашалап алды", - деп жазады басылым.

Қаза болған Оксана Грачеваның артында екі кішкентай баласы қалды. © nasha-yarmarka.kz/Александр Коханов

Кейбір мәліметтерге қарағанда, қылмыскер бұған дейін аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып, таяуда түрмеден шығып келген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети