Қарағандыда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан қылмыстық топ ұсталды © nvdaily.ru

Қарағандыда адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төрт адамнан жасақталған қылмыстық топты Қарағанды облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 сәуірде ұстаған. Алайда мән-жайы мен ұстау себептері тек қазір белгілі болды. Күдіктілерге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. 

"Ақпанда Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлері  ұзақ уақыт бойы қыздарды жезөкшелікке тартып келген қылмыстық топ туралы мәлімет алады. 2 сәуірде осы қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталды. Оның құрамында төрт адам бар. Топтың басшысы 27 жастағы ер адам. Қазіргі уақытта бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық топ мүшелерін ұстау сәтін видеоға түсірген. Видеода бетперде киген адамдарың күдіктілерді ұстап, тінту шараларын жүргізіп жатқаны түсірілген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети