Қарағандыда таксист әйелді жауыздықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда таксист әйелді жауыздықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты Юлия Стонкус. Отбасының мұрағатынан.

Қарағандылық такси жүргізушісі Юлия Стонкусты өлтірген Шахтинск қаласының 31 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық такси жүргізушісі Юлия Стонкусты өлтірген Шахтинск қаласының 31 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Сот Султан Плиевті ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру", 200-бабының 1-тарауы және 188-баптың 1-тарауы бойынша айыпты деп таныды. 58-баптың 3-тарауы жазаны біріктіру бойынша Плиев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі аса жоғары қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, Плиевке ішімдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды", - дейді Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері. 

Ал аса ауыр қылмысты жасырған өзге екі сотталушы да екі жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар, Плиевтің бұрын сотталғаны анықталды. Сот үкімімен арыз берушінің пайдасына Плиевтен 1,5 миллион моральдық және 10 мың теңге материалдық шығынды өтеуге міндеттеді. Ал өзге екі сотталушы 500 мыңнан өтеуі керек. 

Еске салайық, 28 жастағы Юлия Сантустың жоғалып кеткенін айтқан туыстары полицияға хабарлаған. Осыдан кейін әйелдің денесі Қарағандыдағы саяжай аумағынан зорлық-зомбылықпен өлтірілген денесі табылған. Осыған байланысты таксиге соңғы рет отырған клиент күдікке ілінді. Сот материалы бойынша, Плиев таксист әйелді кірпіш сынығымен ұрып өлтірген. Ал оның достары мүрдені құдыққа тастап, бетін құрылыс қалдықтарымен жауып тастаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети