Қарағандыда үйлену тойы күні жол апатынан күйеу жігіт қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда үйлену тойы күні жол апатынан күйеу жігіт қаза тапты © vk.com

Қарағанды облысының Абай аудандық №2 соты 25 жастағы ер адамды адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасау бойынша айыпты деп таныды, - деп хабарлайды "ОСА" қоғамдық бірлестігінің сайты.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Абай аудандық №2 соты 25 жастағы ер адамды адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасау бойынша айыпты деп таныды, - деп хабарлайды "ОСА" қоғамдық бірлестігінің сайты.  

Соттың мәліметінше, ер адам күйеу жігіт пен қалыңдық отырған BMW автомобилін жүргізу кезінде тізгінге ие бола алмай қалған. Көлік аударылып кеткен. Жүргізушінің кесірінен жол-патрульдік полициясының қызметкері болып жұмыс істейтін күйеу жігіт қаза болды. Оның қалыңдығы мен бір жолаушы жарақат алды.  

Сарапшылардың шығарған қорытындысына сәйкес, сонымен қатар тірі қалған қалыңдықтың сөзіне қарағанда, жүргізуші шамамен сағатына 120 шақырым жылдамдықта келе жатқан. "Қалыңдық тіпті оған ескерту жасаған, алайда күйеу жігіт алаңдамауын сұрап, тынышталдырған", - деп жазады басылым соттың құжаттарынан.

Той кортежінің жүргізушісі Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша айыпты деп танылды. Басылымның мәліметінше, сот мұндай жеңіл жазаны жүргізушінің қаза тапқан жігіттің туыстарына өтемақы бергеніне және жәбірленуші тараптың соттан оны қатаң түрде жазаламауын сұрағандығынан шығарыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети