Қарағандыда жалған полицей жыныстық қызмет әуесқойларынан ақша бопсалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жалған полицей жыныстық қызмет әуесқойларынан ақша бопсалады © ruscur.ru

Қарағандыда жыныстық қызмет әуесқойларынан ақша бопсалаған жалған полицей ұсталды, - деп жазады "Новый вестник" порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жыныстық қызмет әуесқойларынан ақша бопсалаған жалған полицей ұсталды, - деп жазады "Новый вестник" порталы.

Алаяқ әлеуметтік желілердің бірінде парақша ашып, қыздардың атынан жыныстық қызмет ұсынған. "Бұрын сотталған, Қарағандының 29 жастағы тұрғыны істестерімен бірге қылмысын жүзеге асыру арқылы біреудің есебінен пайда таппақшы болған. Ол бір қыздың атынан әлеуметтік желіде парақша ашып, ересек еркектермен хат алысқан", - деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтың хатына Теміртаудың 38 жастағы тұрғыны жауап берген және ол қаладағы жалдамалы пәтерлердің біріне кездесуге барған. Ол жерде ер адамды оның істестері күтіп алып, құрбанның келіп жеткені туралы алаяққа хабар берген. Пәтерге полицей кейіпінде кіріп барғандар 38 жастағы ер адамды кәмелет жасқа толмаған қызға қатысты бұзық мінез-құлық таныттың деп айыптай бастаған.

Ер адамға жалған куәлік көрсетіліп, тінту жүргізілген. Қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін жалған полицейлер бірден 60 мың теңге алып, соңынан тағы 5 мың доллар талап еткен.

"38 жастағы ер адам Жеке қауіпсіздік басқармасына арызданды, оның арызы негізінде кешенді жедел-іздестіру шарасы жүргізілді", - деп хабарлайды ішкі істер департаментіндегілер.

Күдікті ақша алу барысында ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр , ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети