Қарағандыдағы мектеп ауласынан қыздың бөлшектелген денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы мектеп ауласынан қыздың бөлшектелген денесі табылды "ВКонтакте" әлеуметтік желісінен

Қарағандыда жан түршігерлік адам өлімі болды, - деп хабарлайды "Новый Вестник". Басылымның мәліметінше, 9 мамырда жергілікті мектептердің бірінің ауласынан бөлшектеніп тасталған қыздың денесі салынған шабадан табылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жан түршігерлік адам өлімі болды, - деп хабарлайды "Новый Вестник". Басылымның мәліметінше, 9 мамырда жергілікті мектептердің бірінің ауласынан бөлшектеніп тасталған қыздың денесі салынған шабадан табылды.

Полицейлер өлген қыздың кім екенін анықтады. Ол 25 жастағы жергілікті тұрғын Аяулы Сүлейменова болып шықты. 6 мамырда қыздың жоғалғандығы туралы оның туыстары әлеуметтік желі арқылы хабарлап, көмек сұраған болатын. "Туысқан қызымыз жоғалып кетті! Оны біреулердің ұстап отырғандығы туралы ақпарат бар. Дегенмен, қай жақта, не үшін екенін білмейміз. Бізге көмектесе алатын ерікті адамдар керек. Көлігі болса тіпті жақсы, іздеуге қатысты кез келген көмекті қабылдаймыз", - делінген WhatsApp арқылы таратылған хабарламада.

Қызды өзімен бірге пәтер жалдап тұрған жігіт соңғы рет оны тірідей көрген. 20 жастағы жігіт (Траев. Е.А 1995 жылы туылған) Аяулыны өлтірген болуы мүмкін. Өлген қыздың туыстары осы жігітті Аяулының өліміне қатысы бар деп санайды. 

Басылымның хабарлауынша, Сүлейменованың пәтерінен өзінің пайыздық үстемемен қарызға ақша алған адамдарының тізімі табылды. Қазір қылмыстық істің мән-жайы анықталып жатыр.

Кейбір ақпараттар бойынша, Аяулының артында кішкентай ұлы қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети