Қарағандылық дәрігерлер АИТВ жұқтырған жүкті әйелді сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық дәрігерлер АИТВ жұқтырған жүкті әйелді сотқа берді © us-img2.com

Облыстық ЖИТС орталығының мамандары қарағандылық АИТВ жұқтырған жүкті әйелді сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыстық ЖИТС орталығының мамандары қарағандылық АИТВ жұқтырған жүкті әйелді сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңға сәйкес, әйел болашақ баласына ауру жұқтырғаны үшін "Адамды иммундық тапшылық вирусымен жұқтыру (АИТВ/ЖИТС)" бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, оған 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе сол көлемде түзету жұмыстарына жегіледі, немесе 180 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартылады, немесе 60 тәулікке қамауға алынады.  

Екі апта бұрын жүкті әйел емделуден бас тартатыны жайлы қолхат жазып берген. Дәрігерлердің түсіндіру жұмыстары нәтижесіз болып шықты. ЖИТС орталығының дәрігерлері қарағандылық әйел тұратын үйдің табалдырығын тоздырған, бірақ ол да нәтиже бермеді. 

"ЖИТС ОО" КҚМК" мамандары АИТВ жұқтырған ата-аналардан сау баланың тууы үшін бар мүмкіндігін жасап жатыр. Ал бұл болашақ аналардың арнайы терапиядан өткен жағдайларында ғана мүмкін болып отыр. АИТВ статусы қанағаттанарлықты көрсеткен әйелдер жүктіліктің 14 аптасынан бастап дәрі қабылдауы қажет. Айта кетейік, қымбат дәрілік заттарды жүкті әйелдер мемлекет есебінен тегін алады", - дейді орталықтағылар. 

Алайда дәл осы жағдайда АИТВ жұқтырған ана терапиядан саналы түрде бас тартып отыр. Ал оның нәрестесі АИТВ жұқтырған болып туылу мүмкіндігі 80 пайызды құрайды. Ал егер босанғаннан кейін шешесі емшектен емізетін болса дерттің балаға жұғу мүмкіндігі 100 пайызға тең екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети