Қарындасы мен ағасы Алматыда пәтер алуға қатысты бірнеше алаяқтық істе күдікті болып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарындасы мен ағасы Алматыда пәтер алуға қатысты бірнеше алаяқтық істе күдікті болып отыр © ІІД-нің баспасөз қызметі

Алматыда ағасы мен қарындасы бірнеше алаяқтық іс бойынша күдікті болып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ағасы мен қарындасы бірнеше алаяқтық іс бойынша күдікті болып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әуезов аудандық Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің мәліметі бойынша, 29 жастағы Зарина Атембаева және оның 37 жастағы ағасы Ерік Сейітбай мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алып беремін деп бірнеше рет алаяқтық жасаған. 

"Қыз өзін әкімдік қыметкері ретінде таныстырған және белгілі бір сома үшін кезекте алға жылжытып беруге уәде еткен. Түрлі сома айтылған: мың доллардан бастап, ары қарай. Кей кездерде қаржыны теңгемен алған. Көп жағдайда тұрғындардан ақшаны ағасы - Ерік Сейтібай алып отырғаны анықталды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 


Ерік Сейітбай


Зарина Атембаева © ІІД-нің баспасөз қызметі

Қазіргі кезде зардап шеккен екі адам арызданған. Жедел мәлімет бойынша, зардап шеккендер саны көп болу мүмкін. 

"Көрсетілген тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарға: бұл тұлғаларды танып жатсаңыздар 298-53-00; 298-53-01; 298-53-02 және 298-53-03 телефондары арқылы хабарласыңыздар", - дейді Әуезов аудандық ІІД басшысы Бақыт Қасабеков. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети