Қаржы мониторингі комитетінің орталық басшылары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі комитетінің орталық басшылары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді Ұстау сәтінде түсірілген видео кадры

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы басшылары жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы басшылары жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп пара алу күдігі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің "Кинологиялық орталығы" РММ басшысы мен оның орынбасарын әшкереледі.

Олар бағынышты қызметкерлерінен қызмет бойынша жалпы қамқорлықтары үшін жүйелі түрде 2 миллион 182 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікке ілінген.

Биылғы 28 желтоқсанында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети