Қаржы полицейін өлтіруге қатысы бар үш адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы полицейін өлтіруге қатысы бар үш адам ұсталды ©People.onliner.by

Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы бастығының орынбасары міндетін атқарушының өлімі бойынша үш адам, оның ішінде, киллер де тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа сілтеме жасап.

"Мен сіздерге бүгінде бұл іс бойынша үш адамның тұтқындалғанын айтқым келеді, олар: негізгі киллер, аралық тапсырыс беругі және қару берген тұлға. Қалған мәлімет соттан соң беріледі", - деді Қасымов ОКҚ брифингінде.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың 24 желтоқсанында Петропавлда облыстық қаржы полициясы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Жандос Ахметовты белгісіз біреулер өз үйінің подъезінде өлтіріп кеткен болатын. 41 жастағы майорға бес рет оқ атылған, киллер оның өлетініне көз жеткізу үшін бір оқпен марқұмды басынан атқан. 

Бұған дейін бұл оқиға бойынша екі күдіктінің ұсталғаны хабарланған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети