Қаржылық бақылау инспекциясы қызметкері парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржылық бақылау инспекциясы қызметкері парамен ұсталды ©Тengrinews.kz

Астаналық қаржы полициясының қызметкерлері Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы - бас бақылаушы-ревизорын ұстады деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "6 наурызда Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріс тәртібімен Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы - бас бақылаушы-ревизорына қатысты қылмыстық іс қозғап, оны аяқтады", - делінген таратылған баспасөз парағында. Қаржы полицейлерінің мәліметінше, бас бақылаушы тексеру қорытындысында заң бұзушылықтың анықталғанын көрсетпеу үшін бір азаматшадан бес мың доллар бопсалай отырып, үш мың доллар сомасында пара алған. "Ұсталған әйел тергеу барысында кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети