Қазақ-қытай шекарасында жарты келіге жуық алтын алып өтпек болған ҚР азаматшасы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ-қытай шекарасында жарты келіге жуық алтын алып өтпек болған ҚР азаматшасы ұсталды @Katyaburg.ru

Шекарашылар Қазақстаннан Қытайға алтын  сақина мен алқаны заңсыз алып өтпек болған ҚР азаматшасы ұстады, - деп хабарлайды YK-news.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарашылар Қазақстаннан Қытайға алтын  сақина мен алқаны заңсыз алып өтпек болған ҚР азаматшасы ұстады, - деп хабарлайды YK-news.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқиға Үржар ауданында болған. "Бахты" өткізу орнының қызметкерлері Қытайға жаяу өтпек болған күдікті әйел адамды ұстады. 33 жастағы ҚР азаматшасында құжатсыз 400 грамға жуық алтын бұйымдар болған. Әйелдің айтуынша, ол әшекейлерді сыйлық ретінде алып бара жатқан.

Баспасөз қызметі Қазақстан азаматшасының қазір қамауға алынып, іс деректері Үржар аудандық прокуратураға жолданғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, осыған дейін шекарашылар Қазақстаннан Өзбекстанға алтыннан және гауһартастардан жасалған әшекей бұйымдары мен декларацияланбаған қомақты қаржыны алып өтпек болған екі адамды ұстағаны хабарланған болатын. Тәркіленген заттардың қатарында алтын және гауһартасты жүзіктер, сырғалар, білезіктер мен қолсағаттар бар. Сондай-ақ олардан 76 800 АҚШ доллары, 143 300 теңге, 1000 өзбек сомы да алынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети