"Қазақавтожолдың" Қарағанды облыстық филиалының басшылығы екі айға қамауға алынды

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі

"?аза?автожолды?" ?ара?анды облысты? филиалыны? директоры ?адыл М??анов пен оны? орынбасары Ержан Отаров "Пара алу" бабы бойынша екі ай?а ?амау?а алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ара?анды облысты? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. М?ндай ?кімді ?ара?андыны? ?азыбек би ауданды? соты шы?арды.

"Қазақавтожолдың" Қарағанды облыстық филиалының директоры Ғадыл Мұқанов пен оның орынбасары Ержан Отаров "Пара алу" бабы бойынша екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай үкімді Қарағандының Қазыбек би аудандық соты шығарды.

Ғадыл Мұқанов пен оның орынбасары Ержан Отаров 2017 жылдың 15 қарашасына дейін қамауда болады. Сондай-ақ, Ержан Отаровқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)") тергеу жүргізіліп жатыр.

Cонымен қатар, Қазыбек би аудандық сотының шешімімен "Акжол ДС" ЖШС өкілдері М.Ыбышев мен Б.Жақпаров та екі айға қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 3-бөлігі 1,2-тармағы бойынша ("Пара беру") тергеу жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік,  осыған дейін "Қазақавтожолдың" Қарағанды облыстық филиалының директорының 17 миллион теңге парамен ұсталғаны хабарланған болатын. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Акжол ДС" ЖШС өкілдері М.Ыбышев мен Б.Жақпаровтан 17 миллион теңге көлемінде пара алған "Қазақавтожолдың" Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Ғ.Мұқанов пен оның орынбасары Е.Отаровты ұстады", - делінген еді хабарламада.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама