18 қыркүйек 2017 10:59

"Қазақавтожолдың" Қарағанды облыстық филиалының директоры 17 миллион теңге парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

"Қазақавтожолдың" Қарағанды облыстық филиалының директоры 17 миллион теңге парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Акжол ДС" ЖШС өкілдері М.Ыбышев мен Б.Жақпаровтан 17 миллион теңге көлемінде пара алған "Қазақавтожолдың" Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Ғ.Мұқанов пен оның орынбасары Е.Отаровты ұстады", - делінген хабарламада.

Ақшалай қаражат Қызылорда-Қарағанды-Павлодар автожолының жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін берілгені айтылады хабарламада.

15 қыркүйекте М.Ыбышев, Б.Жақпаров, Н.Мұқанов, Е.Отаров ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде ұсталып, Қарағанды қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

16 қыркүйекте барлық күдікті сотты шешімімен қамауға алынды.

Соталды тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети