Қазақстан шекарасының күзеті Қырғызстандағы колониядан 9 экстремистің қашуынан кейін күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан шекарасының күзеті Қырғызстандағы колониядан 9 экстремистің қашуынан кейін күшейтілді © gazeta.ru

Қазақстан шекарасының күзеті Қырғызстандағы колониядан 9 экстремистің қашуынан кейін күшейтілді. Бұл туралы Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан шекарасының күзеті Қырғызстандағы колониядан 9 экстремистің қашуынан кейін күшейтілді. Бұл туралы Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шекара қызметі бұл мәліметті біледі. Мемлекеттік шекараны күзету күшейтілген тәртіпке өтті. Қырғызстанмен шекаралас бекеттер күшейтілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Милиция іздестіріп жатқандар экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілі болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети