Қазақстанда 40-қа жуық полицей жәбір көрсеткені үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 40-қа жуық полицей жәбір көрсеткені үшін сотталды

Өткен жылы Қазақстанда азаптап, жәбір көрсеткені үшін 39 полицей сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен жылы Қазақстанда азаптап, жәбір көрсеткені үшін 39 полицей сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 2011-2013 жылдары азаптап, жәбір көрсеткені үшін 105 адам сотталған болатын. Соттар ондай адамдарды, көбінесе, бас бостандығынан айыру жазасына кесті. "Өткен жылы сотталғандардың басым бөлігін полицейлер (39 адам) мен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері (13 адам) құрады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ал талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, полицейлер арасында ондай қылмысқа, көп жағдайда, жедел уәкілдер және учаскелік инспекторлар барған. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері болса, түрмеде отырған азаматтарға жиі жәбір көрсеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети