Қазақстандық отбасыларда қанша зорлау оқиғасы болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық отбасыларда қанша зорлау оқиғасы болғаны анықталды

2016 жылы қазақстандық отбасыларда "Зорлау" бабы бойынша бір қылмыс дерегі, ал "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері" бабы бойынша бес қылмыс дерегі тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне сілтеме жасап.

Жалпы 2016 жылы 1629 зорлау дерегі тіркелген, олардың 1601-і әйелдерге, ал 122-сі кәмелет жасына толмағандарға қатысты болып отыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 160 зорлық дерегі қоғамдық орындарда, 115-і көшелерде, алаңдарда, саябақтарда болған. "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері" бабы бойынша 421 қылмыс тіркеоіпті. Олардың 298-і әйелдерге қатысты да, 112-сі кәмелет жасына толмағандарға қатысты. Қоғамдық орындарда 37 оқиға, көшелерде, алаңдарда, саябақтарда 19 қылмыс болған.

Ал 2017 жылдың үш айында отбасыларда "Зорлау" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері" баптары бойынша қылмыс тіркелмеді. Алайда осы баптар бойынша жалпы алғанда елімізде 575 және 143 оқиға тіркелген. ҚР Қылмыстық кодексінің осы екі бабы бойынша 44 дерек қоғамдық орындарда болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети