Қазақстандық шенеунік жасырын камераға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шенеунік жасырын камераға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысында жергілікті шенеунік соңғы сәтте пара алудан бас тартып, жазадан құтылып кетті. Бұл туралы "Надежда" басылымында жарияланған "Женская интуиция" мақаласында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жергілікті шенеунік соңғы сәтте пара алудан бас тартып, жазадан құтылып кетті. Бұл туралы "Надежда" басылымында жарияланған "Женская интуиция" мақаласында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, Орал қалалық сапа және тауар қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Рамазановаға қатысты пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Оған қаладағы мейрамханалардың бірін тексеріп, оң қорытынды жазып беруі үшін 100 мың теңге бермек болған.

Осылайша, пара бермек болған адам шенеунікпен кездесіп, барлығын жасырын камераға түсіріп, жазбаны Жемқорлықпен күрес қызметіндегілерге берген.

"Пара Рамазановаға аударылып қойған, бірақ бір сәтте ол ақшаны аударған адамға хабарласып, параны қайта алуын сұраған. Осылайша, Рамазанова пара алудан бас тартқандықтан және қылмыс құрамы болмағандықтан қылмыстық іс тоқтатылған. Деген біз оның "Мемлекеттік қызмет" пен мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексін бұзды деп санаймыз. Осыған байланысты Рамазанованы жұмыстан босатуды сұраймыз", - деді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.

Басылымның мәліметінше, 20 қарашада Жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің кездесуі өтіп, басшылықтың әзірше бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылдауға асықпайтыны белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети