ҚазҰТУ-да өлтірілген студенттің "ағасы" әлеуметтік желілерде үндеу жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚазҰТУ-да өлтірілген студенттің "ағасы" әлеуметтік желілерде үндеу жариялады © Tengrinews.kz

Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да студенттің қаза табуы туралы жаңа деректер пайда болды. 3 желтоқсан күні кешке "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "За тебя Баке" парақшасында өзін "қаза тапқан студенттің ағасымын" деп таныстырған Арай Баймеңді есімді жігіттің хабарламасы жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да студенттің қаза табуы туралы жаңа деректер пайда болды. 3 желтоқсан күні кешке "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "За тебя Баке" парақшасында өзін "қаза тапқан студенттің ағасымын" деп таныстырған Арай Баймеңді есімді жігіттің хабарламасы жарияланды.

Парақшада қаза тапқан студенттің суреті жарияланды және оның есімі аталды - Жақсылоқов Самұрат Тұңғышбайұлы.


ҚазҰТУ-да өлтірілді делінген студенттің суреті © vk.com/bake_kz

Хабарлама авторы қылмыстық оқиғаны былай сипаттап берді (мәтін қысқартылды және айыпталушының аты-жөні алынып тасталды):

"Олар кітапханада болған, өзара келісе алмаған соң ол (айыпталушы) Самұратты әжетханаға шақырады. Әжетханадағы жанжал кезінде (айыпталушы) пышақ шығарып, соққы жасаған. Пышақтың жүзі артерияны қиып кеткен. Бірнеше минут өткен соң Самұрат есін жоғалтады, ал айыпталушы қорқып, әжетхананың терезесінен секірген. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем қызметі 18 минуттан соң келіпті. Университеттің медициналық бекетінде ешкім болмай шықты. (Оқиға күндізгі сағат 3.00 шамасында болған). Айыпталушы әзірше кінәсін мойындап отыр. Оның қорғаушысы жанжалға Самұраттың кінәлі екенін дәлелдеуге тырысып жатыр".

Автор хабарламасының соңында айыпталушының туыстары құқық қорғау органдарында жұмыс істейтінін, сондықтан да істің "түрлі себеппен" жабық өтуі мүмкін екенін жазды.

"31арна" төбелескендердің бірінің Алматыдан, екіншісі Қостанайдан екенін хабарлады.

Еске сала кетейік, кісі өлімі 30 қараша күні Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да болған еді. Дегенмен ресми ақпарат 3 желтоқсанда ғана таратылды. Алматы ІІД мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеуді Бостандық ауданы ІІБ жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети