Астана полициясы ресейлік QIWI Wallet төлем сервисі клиенттері есепшотынан ақша ұрлану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбековаға сілтеме жасап.
Астана полициясы ресейлік QIWI Wallet төлем сервисі клиенттері есепшотынан ақша ұрлану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбековаға сілтеме жасап.
"Бізге QIWI-әмиян клиенті Әзиз Әпсәлямовтан есепшоттан ақша жоғалғаны туралы шағым келіп түсті. "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл киберқылмыс түріне жатады, онымен арнайы бөлім айналысады. Жоғалған сома - 23 мың теңгеге жуық", - деді Қылышбекова. Ол полицейлер Ресейдегі әріптестеріне хабарласа ма, жоқ па, оны нақтыламады.
Еске сала кетейік, Tengrinews.kz QIWI Wallet есепшоттарынан ақшаның жаппай ұрланғанын хабарлаған болатын. Төлем сервисінің әкімшілігі аталған Visa QIWI Wallet есепшотындағы ақшаны белгісіз біреулердің алғанын айтты. Сервис өкілдері есепшотқа үшінші тұлғалар заңсыз қол жеткізген деп топшылайды.
QIWI Wallet-тің "Вконтакте"-дегі парағына Әпсәлямовтан бөлек, тағы сегіз адам шағымданған. Олар полицияға шағымданғалы отырғанын айтады. QIWI Wallet-тің Қазақстандағы коммерциялық директоры Максим Худоногов Tengrinews.kz тілшісіне шағымдар бойынша ақпарат жиналып жатқанын хабарлады.
QIWI Wallet - Ресей мен ТМД елдеріндегі төлем сервисі. Оның клиенттері дүкендер мен Интернетте тауарлар мен қызмет түрлері ақысын төлеу үшін қолма-қол ақшаны, алдын ала төленген карталарды және есептесудің басқа да әдістерін қолдана алады. Қолма-қол және электронды есептесу бірыңғай жүйеге біріктірілген.