QIWI есепшоттарынан ақша ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астана полициясы ресейлік QIWI Wallet төлем сервисі клиенттері есепшотынан ақша ұрлану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбековаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана полициясы ресейлік QIWI Wallet төлем сервисі клиенттері есепшотынан ақша ұрлану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбековаға сілтеме жасап.

"Бізге QIWI-әмиян клиенті Әзиз Әпсәлямовтан есепшоттан ақша жоғалғаны туралы шағым келіп түсті. "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл киберқылмыс түріне жатады, онымен арнайы бөлім айналысады. Жоғалған сома - 23 мың теңгеге жуық", - деді Қылышбекова. Ол полицейлер Ресейдегі әріптестеріне хабарласа ма, жоқ па, оны нақтыламады.

Еске сала кетейік, Tengrinews.kz QIWI Wallet есепшоттарынан ақшаның жаппай ұрланғанын хабарлаған болатын. Төлем сервисінің әкімшілігі аталған Visa QIWI Wallet есепшотындағы ақшаны белгісіз біреулердің алғанын айтты. Сервис өкілдері есепшотқа үшінші тұлғалар заңсыз қол жеткізген деп топшылайды. 

QIWI Wallet-тің "Вконтакте"-дегі парағына Әпсәлямовтан бөлек, тағы сегіз адам шағымданған. Олар полицияға шағымданғалы отырғанын айтады. QIWI Wallet-тің Қазақстандағы коммерциялық директоры Максим Худоногов Tengrinews.kz тілшісіне шағымдар бойынша ақпарат жиналып жатқанын хабарлады.

QIWI Wallet - Ресей мен ТМД елдеріндегі төлем сервисі. Оның клиенттері дүкендер мен Интернетте тауарлар мен қызмет түрлері ақысын төлеу үшін қолма-қол ақшаны, алдын ала төленген карталарды және есептесудің басқа да әдістерін қолдана алады. Қолма-қол және электронды есептесу бірыңғай жүйеге біріктірілген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.92  course up  597.41  course up  6.62  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer