Қорғаныс министрлігі генерал Көпбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі генерал Көпбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Қорғаныс министрлігі генерал Қайрат Көпбаевтың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі генерал Қайрат Көпбаевтың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі меморандум аясында генерал-майор, Қорғаныс министрлігі кадр департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Қайрат Көпбаевтың ұсталғанын және сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын растаймыз. Генерал-майор Көпбаевқа қатысты екі ай мерзімге үй қамауында ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді әскери полиция бас басқармасы басшысының орынбасары Бекен Шынтілеуов.

"Осында мына нәрсені айта кетейін, БАҚ-та генерал-майор Көпбаев Қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім департаментін басқаратыны айтылған, бұл ақпарат дұрыс емес, өйткені лауазымдар мен әскери атақтар тізіміне сәйкес оның лауазымы Қорғаныс министрлігінің кадр департаменті деп аталады, ал бізде әскери біліммен басқа бөлімше айналысады", - деді ол. 

Осыған дейін Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаевтың екі айға үй қамауына алынғаны хабарланған. Ол жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети