"Қорғас" басшысына 1 миллион доллар пара берген инвестор қонақүйдің құрылысын жалғастыратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қорғас" басшысына 1 миллион доллар пара берген инвестор қонақүйдің құрылысын жалғастыратын болды

Василий Ниге пара берген инвестор "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығындағы бес жұлдызды қонақүй кешенінің құрылысын жалғастыратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Василий Ниге пара берген инвестор "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығындағы бес жұлдызды қонақүй кешенінің құрылысын жалғастыратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Конкурстың өткені жарияланды. Қонақүйдің құрылысы жалғасып жатыр, инвестор өзгерген жоқ. Оны пара бергені үшін жауапкершілікке тартпады, себебі, БАҚ-тан оқып білгеніміздей, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросына өзі хабар берген, бұл (пара беру - Авт.) оның жеке мүддесі емес", - деп хабарлады "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының баспасөз хатшысы Равиль Будуков.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қонақүйдің құрылысы әлі басталмаған, қазіргі кезеңде жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Бес жұлдызды кешен 2018 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.

"Қонақүй "Қорғастың" қазақстандық бөлігінде орналасады және қытай мен қазақстандық тарапқа ашық болады. Келісімшартта ШЫХО-да 30 күн визасыз болуды қарастырады, сондықтан жобада бұл қонақүй қарастырылған, онда Қазақстан, Қытай және үшінші елдердің азаматтары сәйкес қызметтерді ала алады", - деп нақтылады Равиль Будуков.

Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері "Қорғас" ШЫХО президенті Василий Нидің бопсалау арқылы миллион АҚШ доллары көлемінде пара алғанын хабарлаған. Ол осы пара үшін инвестициялық тендердің нәтижелерін шешіп беру үшін алған делінеді. 

Василий Ни ұсталғаннан кейін "Қорғас" ШЫХО қалыпты тәртіпте жұмысын жалғастыра берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети