Қорғаста тағы бір контрабанда анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаста тағы бір контрабанда анықталды ©inspiration-inbox.com

Қаржы полициясы "Қорғас" кеден бекетінде дәрі-дәрмек контрабандасын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы полициясы "Қорғас" кеден бекетінде дәрі-дәрмек контрабандасын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Ағымдағы жылы сәуір айында өткізілген жедел-іздестіру шаралары барысында қаржы полицейлері "Қорғас" бекеті арқылы Қытай халық республикасынан дәрі-дәрмек пен басқа да халық тұтынатын тауарларды заңсыз тасымалдаудың жолын кесті. Онымен Иман Өнергүл және Иман Бақытгүл есімді азаматтар ұзақ жылдар бойы айналысқан. Олар контрабандалық жүкті туристтердің атына жазып, Қазақстанға жеткізіп отырды. Бүгінде мемлекетке келген шығын 8 миллион теңгеге бағаланып отыр.

"Мамырдың 13-і күні аталған факт бойынша қаржы полициясының Алматы облыстық департаменті қылмыстық іс қозғады.
Тергеу барысында контрабандалық дәрі-дәрмектің түпнұсқалығы және оның ел азаматтарының денсаулығына қаншалықты қауіпті екендігін анықтайтын сараптамалар өткізілетін болады. Айыпталушыларға қатысты тиісті жазаны тағайындау мәселесі қаралып жатыр", - делінген ресми мәлімдемеде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети