"Қорғаста" жасырын жұмыс істеп келген қытайлық казино табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қорғаста" жасырын жұмыс істеп келген қытайлық казино табылды Суреттер Алматы облыстық МКД экономикалық тергеулер қызметінен

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы" АҚ аумағында жасырын казиноның жұмысы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық МКД экономикалық тергеулер қызметінің өкілі Жақсылық Мырзаханға сілтеме жасап.

Ол бұл оқиғаның 2016 жылы 21 желтоқсанда болғанын айтады. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында ЭТҚ қызметкерлері ҚР заңнамасына қайшы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырушыларды анықтады. Жасырын казиноны тінту барысында 50 000 юань, 4 покер столы, 5 000 аса ойын картасы, әр номиналдағы фишкалардың 1000 дана табылған. 

Ойын залында 18 ойыншы ҚХР азаматы және қызмет көрсететін 20 адам болған. "Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігі ("Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру") бойынша жүргізіліп жатыр", - деді Мырзахан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети