Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасарына рақымшылық жасалды

© kapital.kz

2016 жылды? 21 желто?санында ?останайды? №2 соты ?ала ?кіміні? б?рын?ы орынбасары Фрунзик Аракелянны? ?телмеген жазасын же?ілдету туралы ?тінішіне байланысты ра?ымшылы? бойынша жаза мерзімі 6 ай 15 к?нге ?ыс?ар?ан еді, - деп хабарлайды "?останай жа?алы?тары".

2016 жылдың 21 желтоқсанында Қостанайдың №2 соты қала әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелянның өтелмеген жазасын жеңілдету туралы өтінішіне байланысты рақымшылық бойынша жаза мерзімі 6 ай 15 күнге қысқарған еді, - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары".

Осылайша жаза мерзімі қысқарғаннан кейін Аракелян өтелмеген 1,5 жыл жазасы үшін 310 853 теңге айыппұл төлеп, бостандыққа шығатын болды.

Жарлық әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Реклама
Реклама

Сонымен бірге, қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Дәурен Жансейітовке де рақымшылық жасалды. Ол 2 миллион теңге түрінде пара алғаны үшін 3 жылға сотталған болатын. 

Еске салайық, Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аркелян кәсіпкерден 300 мың теңге пара алғаны үшін ТКШ бөлімінің басшысы Жеңіс Шинкин және кәсіпкер Александр Бобровпен бірге жауапқа тартылған еді. Былтыр 8 қыркүйекте Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болтын. Кейін бұрынғы әкім мен оның қол астындағылар 14 миллион теңге пара алған болуы мүмкін екені айтылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама